анықтама » Кеген ауданының «Сарсенбай Бейсембетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
Кеген ауданы білім бөлімінің
Бейсембетұлы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2023

анықтама

«С.Бейсембетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы І жарты жылдық бойынша    атқарылған  әдістемелік жұмыстар жайлы

А Н Ы Қ Т А М А

     Оқу жылының басында мектептің өткен оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарына талдау –сараптама жұмыстары жүргізілді,  алдағы оқу жылына міндеттер қойылды.Мектептің 2022-2023 оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары   бекітілді.   Әдістемелік нұсхау хат талданды. 2022-2023 оқу жылын 52 мұғаліммен бастадық. Оның ішінде 51 мұғалім жоғары білімді, 1 мұғалім арнаулы орта білімді . Педагог - зерттеуші- 12 , педагог - сарапшы - 17, педагог – модератор -  6,  І санатты – 3,  ІІ-    санатты – 4,   санатсыз - 9  мұғалім бар. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік жоспарын басшылыққа ала отырып жаңа оқу жылының жоспары құрылды. Барлық оқу пәндері негізінде 6 пән бірлестігі құрылып, жетекшілері бұйрықпен бекітілді. 

  1. «Балдырған» бастауыш сынып бірлестігі жетекшісі – Б.Құтел
  2. «Мирас» /қазақ тілі мен әдебиеті/ пән бірлестігі жетекшісі- Н.Молдахынова
  3. «МИФ» /математика, информатика, физика/ пән бірлестігі жетекшісі-Б.Мусаева 
  4. «Адам және қоғам» /тарих,құқық, география, биология, химия/ пән бірлестігі жетекшісі- Ә.Нұрахметова
  5. «Мәдениет» /дене шынықтыру, көркем еңбек, АӘД, музыка/ пән бірлестігі жетекшісі- К.Төлеубекова
  6. «Словестьник» /орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі/ пән бірлестігі жетекшісі-Т.Кенжина

    Әдістемелік  бірлестіктер (ӘБ)   жұмысты жоспарлау аясында мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін  арттыру мақсатында, сондай-ақ  білім  алушылардың   танымдық  және  шығармашылық белсенділігін  дамыту үшін мектебімізде  пән   онкүндіктері жыл  сайын өткізіледі.    

  Пән онкүндіктерін  өткізудегі  мақсатымыз:                                                               - Педагогтердің кәсіптік   шеберлігін  ашық сабақтар  мен   сыныптан  тыс іс- шаралар даярлау, ұйымдастыру мен  өткізу арқылы жетілдіру.                            -  Білім   алушыларды өздігінен шығармашылық   қызметпен айналысуға     тарту,  олардың оқылатын оқу  пәндеріне деген қызығушылықтарын    арттыру.                                                                                                                                  - Шығармашылық  қабілеттері бар және  белгілі бір   оқу пәні немесе білім    беру  саласын   тереңдей оқуға талпынатын оқушыларды   айқындау. 

Пән   онкүндіктерінің   тақырыбы оқу жылының басында  ҒӘК отырысында анықталды. Іс- шаралар мақсаттар мен онкүндік тақырыбына сәйкес  болуы тиіс екендігі ескертілді. 

І жарты жылдық бойынша 14.11-25.11.2022 ж «Математика – ғылымның қайнар көзі» атты «МИФ» /математика, информатика, физика/ пән бірлестігінің онкүндігі,  05.12-19.12.2022 ж «Сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру» атты «Адам және қоғам» /тарих,құқық, география, биология, химия/ пән бірлестігінің онкүндігі  жұмыс   жоспарына  сәйкес жүргізілді. 

    Мектептегі жас мұғалімдердің оқытудағы мақсат –міндеттеріне нұсқаулар беріліп, өз пәндері бойынша тәжірибелі мұғалімдерден әдіскер жетекшілер   тағайындалды. Жас мамандарға ҚМЖ  , БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын  құрастыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін обьективті бағалау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н. Рамазанова «Тиімді оқыту жолдары» атты коучинг ұйымдастырды және мектеп психологы   Сағымбаева Г.Б  мұғалімдерді психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп    тренинг өткізді

 Ұстаздарымыз заман талабына сай өз білімдерін жетілдіріп отырады.    «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығында   2 мұғалім, «Ұлттық ғылыми -практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 1 мұғалім, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 1 мұғалім  біліктіліктерін көтерді. 50 мұғалім  күнделік   кз платформасы  бойынша курстан өтті.                        

   Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен физика пәнінің мұғалімі А.Қожаш, аудандық білім бөлімінің грамотасымен география пәнінің мұғалімі А. Ақжігітова  марапатталды.                                                                      

2022 жылдың 29 қазанында 8-11 сыныптар арасында  Аудандық  «Дарын» ғылыми жоба жарысы, 2-7 сыныптар арасында «Зерде» зерттеушілік жоба жарысы өтті. Осы аталған жобаларға мектебіміздің оқышылары өздерінің   зерттеп жүрген тақырыптары бойынша  жобаларын қорғап жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ 2 «Б» сынып оқушылары Ерасылұлы Мирас «Есть ли жизнь на Марсе» , Нұрмұхамет Інжу «Крапива-удивительное растение» атты жобаларын қорғап 2 орын иеленді. Ғылыми жетекшісі Ермегияева Гулнара Аметовна .  3 «Б» сынып оқушысы Манатқызы Адина «Детские фантазии в мире дизайна детской комнате» атты жобасын қорғап 2 орын иеленді. Ғылыми жетекшісі Естенова Нурбуби Муканжановна. 4 «Б» сынып оқушылары  Ренатқызы Айсұлу «Освежители воздуха- безопасный ли они для здаровья человека» атты жобасын қорғап 2 орын , Мұрат Каусар «Так ли важен завтрак» атты жобасын қорғап 3 орын иеленді. Ғылыми жетекшісі Мукашева Гулнур Оразбековна                                                                                     

«Дарын» ғылыми жоба жарысына экология секциясы бойынша 11 сынып оқушысы  Меделхан Тоғжан «Жалаңаш ауылының топырақ эрозиясы » атты жобасын қорғап  2 орын иеленді.  Ғылыми жетекшісі география пәнінің мұғалімі Нұрғанат Ерлес Серікұлы. Этномәдениет секциясы  бойынша 9 сынып оқушысы   Берік Аяулым «Связь географической науки с Кораном» атты ғылыми жобасын қорғап 1 орын иеленіп облысқа жолдама алды. Ғылыми жетекшісі география пәнінің мұғалімі Акжигитова Айнур Бактибековна . Ағылшын тілі секциясында 9 сынып оқушысы   Қанат Қарақат «Creation of Kazakh-Russian-English mini-dictionary on tourism direction»  атты жобасын қорғап 1 орын иеленіп облысқа жолдама алды. Ғылыми жетекшіс ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжина Тоты Сериковна.                                 

    9-11 сыныптар аралығында мектепшілік олимпиада өткізіліп 65 оқушы қатысып 35 білім алушының жұмысы жоғары бағаланып ауданға өтізілді. Аудандық сараптамадан қазақстан тарихынан 9 «А» сынып оқушысы  Жолайұлы Елжан, 10 «Б» сынып оқушысы   Төрехан Маржан,  құқық пәнінен 11 «А» сынып оқушысы Әреджан Жансая, химия пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Келелбай Таңшолпан, 9 «Б» сынып оқушысы Дәулет Тасним, география пәнінен 11 «Б» сынып оқушысы Меделхан Тоғжан, 9 «Б» сынып оқушысы  Кәдіржан Марал, биология пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Қатай Жұлдыз,11 «А»  сынып оқушылары Зтелеу Әмина, Жанболатқызы Пынар, қазақ тілі пәнінен /орыс сыныбы/ 9 «Б» сынып оқушысы Есенғали Ғазиза, ағылшын тілі пәнінен 9 «Б» сынып оқушысы Нұрғанат Жібек, 11 «А» сынып оқушысы Сатан Айида, математика пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Ишембай Аяжан, 11 «А» сынып оқушысы Бақытнұр Жанна  аудандық олимпиадаға жолдама алды.  ZERDELI  ақыл - ой дамыту орталығы ұйымдастырған математикалық олимпиадасының 1 кезеңіне  5 сынып оқушысы  Айтжан Диляра, 6 сынып оқушысы Далелхан Аят қатысып 2 кезеңге жолдама алып 6 сынып оқушысы Далелхан Аят 2 орын иеленді. 5-6 сыныптар аралығында өткен Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 11 оқушы қатысып 5 сынып оқушысы Шушаева Кәусар облыстық кезеңге жолдама алып  Қонаев қаласына барып өз білімін көрсетті.  «Құрмет», «Парасат» ордендері мен «Нұр сұңқар» сыйлығының иегері Алматы облысының  Құрметті азаматы Сүлеймен Мәметтің 70 жылдығына орай өткізілген «Жалаңашым – Жерұйық мекенім» атты шығарма байқауында 2 орын алған 11 сынып оқушылары Жанболатқызы Пынар, Әреджан Жансая және поэзия жанры бойынша 2 орын алған Тәліпқызы Нұрия дипломмен марапатталды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік желі оқырмандары арасында ұйымдастырған байқаудан 7 сынып оқушысы Маратқызы Құндыз алғыс хатпен марапатталды. «Ақберен» Республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен 7 сынып оқушылары Айғожа Айзере, Маратқызы Құндыз, Ернатқызы Іңкәр алғыс хатпен марапатталды жетекшісі Тоқтыманова Г.М .   15-қыркүйекте өткен аудандық «Балалар әлемі жобасы»  Республикалық балалар оқулары байқауында 4-сынып оқушысы Ділмұратқызы Әсем 3-орын алды және «ККО кз» сайты ұйымдастырған «Бастауыш сынаптар пәні» қашықтық олимпиадасында  1-дәрежелі дипломмен  марапатталды жетекшісі Абилбекова Шынар . «Атамұра» ғылыми – әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық «Бояулар құпиясы» атты жас суретшілер байқауына қатысып  3-сынап оқушысы Төкен Алихан, 5 сынып оқушылары  Ерғали Ермұрат, Әжіқұлан Дана 8 сынып оқушылары Әбілқайыр Зере, Есенғали Амина  1-дәрежелі дипломмен мараптталды. Сонымен қатар оқушылар «Кенгуру» математика барлығы үшін интеллектуалдық ойын-конкурсына  қатысып жүлделі 1,2,3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 04.10.2022 ж Республикалық  sabag.kz ұстаздарға арналған  танымдық-әдістемелік сайты Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен «Үздік бастауыш сынып оқушысы» атты байқауға 2-сынып оқушылары  Бектенбекова  Мадина, Айдарбек Үкілай, Ерболат Жібек, Ділмұрат Бәтима, Бақберген Жұлдыз қатысып 2-дәрежелі дипломмен  марапатталды, сынып жетекшісі Құтел Бейбітгул Алғыс хат алды.                                                                  17.11.2022 жылы Интеллектуальный центр «Дарын лэнд» олимпиадасына 1-сынып оқушылары Ерғали Ернұр, Сакен Дана, Тұрдақын Айкерім   қатысып 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Есперова Жанар.              16.12.2022 ж «ALTYN GYRAN - ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ»  республикалық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары 3 «Б»сынып оқушылары   Манатқызы Адина , Бақыт Айзере 3 орын иеленді және сертификатқа ие болды,жетекшісі Естенова Нурбуби  шәкірттері жеңімпаз болғаны үшін  Грамотамен марапатталды.

          21 қазанда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжина Тоты облыстық білім        

      беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Қарасай ауданы,  

      Шамалған ауылы «Айжан Бұқарбайқызы атындағы мектеп» базасында « 

      Шетел тілін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер»  тақырыбындағы Қарасай 

ауданы педагогтерінің іс-тәжірибесін тарату семинарына барып келді.                        

1 қарашада ағылшын тілінің мұғалімдері Абайылдаева Айгерім мен Еділбай  

Меруерт облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «InterPress Distribution» ұйымдастырған ағылшын тілі педагогтерінің әдістемелік қолдау мақсатында « Оқушылардың дамуын ескере отырып ағылшын тілі пәнің оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шет ел лекторларының қатысуымен өткізілген   семинар-тренингке қатысып келді. 3 қарашада ағылшын тілінің  мұғалімі Еділбай Меруерт жас маман ретінде Іле ауданы, Боралбай кентіндегі № 40 орта мектеп базасында  өткен ағылшын тілі педагогтеріне арналған « Оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» атты облыстық семинар-кеңесіне қатысып келді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдахынова Н  Райымбек ауданы Нарынқол ауылына Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп гимназиясында өткен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. PISA тапсырмаларының ерекшеліктері» атты семинарға қатысып келді. Семинарға барған әріптестер әдістемелік кеңесте өздерінің семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Бірлестік мүшелері мерзімді  баспасөзгеде мақалаларын, сабақтарын  

      жариялап отырады. «Химия және биология» атты  республикалық ғылыми – 

      әдістемелік журналына  биология пәнінің мұғалімі Абуова Үміт  «Тірі 

      ағзалардың бес патшалығына сипаттама» тақырыбындағы  сабағын, тарих 

      пәнінің   мұғалімі Нұрақметова Әсел  «География және тарих» атты  

      республикалық   ғылыми – әдістемелік журналына  «Халықтың нәсілдік және 

      ұлттық, тілдік,  діни құрамы» атты сабағын жариялады. «Қазақстан ұстазы» 

      Республикалық    ғылыми – әдістемелік журналының № 10 /117/ қазан 2022 ж 

      санына   «Мәдениет» /дене шынықтыру, көркем  еңбек, АӘД, музыка/ пән 

      бірлестігі толығымен өздерінің мақалаларын, сабақтарын жариялады.





Директордың ғылыми әдістемелік

 ісі жөніндегі орынбасары                                Н.Рамазанова



Похожие публикации:

22 февраль 2023 конкурс на работу
15 ноябрь 2022 ыстық тамақ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив